Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 25 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы
Тоқты
Егер бүгін салмақты шешімдер қабыдасаңыз, көптеген жетістіктерге қол жеткізесіз. Жақында ғана орын алған жағдайларды тағы бір ой елегінен өткізіңіз. Сізді толғандырып жүрген барлық мәселенің шешімі сонда жатыр.

Торпақ
Сізге бүгін көп нәрсені жасап үлгеруіңіз керек болғандықтан, босаңсуға болмайды. Өзіңізге қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін «жеті рет өлшеп, бір рет кескеніңіз» дұрыс. Отбасылық түсініспеушіліктердің нүктесін қойып, жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнатуға таптырмас күн.

Егіздер
Көптен бері ойыңызда жүрген біраз жоспарларды жүзеге асыруға қолайлы күн. Ескі мәселелерді оңынан шешуге мүмкіндік туады. Бүгін өзіңіздің ішкі түйсігіңізбен жұмыс жасаңыз: ол сізді адастырмайды.

Шаян
Сіз үшін қуанышты күн: ойламаған жерден тосынсыйлар болып, маңызды хабарлар аласыз. Бүгін маңызды жұмыстарды қолға алмаңыз, себебі, бәрібір шешімін таппайды. Үй шаруасын жасап, отбасылық ұсақ-түйек мәселелерді шешумен айналысыңыз.

Арыстан
Бүгін тәуекелге бел байласаңыз көп нәрсе оңынан шешіледі: маңызды, қызықты өзгерістер орын алады. Өзіңізді өзгертуден қорықпаңыз, себебі, өзіңізді, ойыңызды өзгеретін күн әлдеқашан келген. Баяғыда бастап, кейін тастап кеткен жоспарларды аяғына дейін жеткізуге сәтті күн.

Бикеш
Сізге соңғы кездері маза бермей жүрген мәселелерді шешуге сұранып тұрған күн. Бүгін маңызды сұрақтардың жауабын аласыз. Сол жауап сізді әрі қарай қандай қадам жасау керектігін көрсетіп береді.

Таразы
Қарсыластарыңыз бүгін сізден оңбай жеңіледі. Бірақ, бұл оңайға соқпайды. Қандай жағдай болмасын сізге артқа шегінуге болмайды. Осыны естен шығармаңыз.

Сарышаян
Маңызды шаруаларды қолға алуға сәтті күн. Ол үшін жұмыстарды ертерек қолға алуыңыз қажет. Бұл істе сізге жаңа таныстарыңыз көмекке келеді.

Мерген
Бұл күні сізге асығыстық танытуға болмайды. Ойланбай айтылған сөз бен асығыс қадамның соңы жақсылық әкелмейді. Бүгін сезіміңізді тежей біліңіз.

Тауешкі
Бүгін өзгелердің жіберген қателігін түзеймін деп әлек боласыз. Тек оларға мұны сабырмен, ақылмен жеткізе біліңіз. Қолға алынған жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қараңыз.

Суқұйғыш
Бүгін өзіңізге демалыс жариялаңыз. Маңызды мәселелерді қолға алмағаныңыз дұрыс. Бүгінгі кез келген жұмыстарыңыз тәжірибеңіз бен біліміңіздің арқасында оңай шешіледі.

Балықтар
Қызықты әңгімелесулер мен кездесулерге толы күн. Тек асығыстыққа салынбаңыз. Әйтпесе, кездесу барысында сөзге келіп қалуыңыз мүмкін.

25 қаңтар 2020 ж. 211 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области