Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Астана Банкінде» ақшаңыз қалмады ма?

«Астана Банкінде» ақшаңыз қалмады ма?

Kyzylorda-news.kz. Еуразиялық банкі бөлімшелерінде «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтем төлеу мерзімі 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзартылды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) мен Еуразиялық банк ттиісті келісімге қол қойды.Еуразиялық банкі бөлімшелерінде «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштері қабылданып, қарастырылады және төлем жүргізіледі. Салымшының таңдауы бойынша ақша қолма-қол төленуі немесе банктік шотқа аударылуы мүмкін.
Еуразиялық банкі «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтемді 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап ҚДКБҚ атынан және қаражаты есебінен төлейді. Салымшылар алдындағы міндеттемелердің 75%–ы төлем басталғаннан бастап алғашқы үш күнде, 95%-ы - бірінші айда өтелді. Бүгінгі таңда «Астана Банкі» АҚ салымшыларына 37 миллиард теңге төленді, ал агент банкке жүгінбеген салымшылардың алдындағы міндеттемелердің қалдығы бастапқы міндеттемелер сомасынан тек 1%-ды құрайды.
Төлем алуға өтініш берген салымшылардың саны көп емес: «Астана Банкі» АҚ 268 мың салымшыларының тек 59 мың салымшысы агент банкке жүгінген, ал бүкіл аймақтар бойынша жүгінулердің пайызы 28%-дан аспайды. Негізгі себеп - аз қалдықты шоттардың көп саны: талап етілмеген депозиттердің шамамен 95%-ы - бес мың теңгеден кем сомаға, оның ішінде 80%–ы - бір мың теңге шегінде. Салымшылар, әдетте, шағын депозит бойынша өтем алуға асықпайды.
Алайда, ірі депозиттер да қалуда: агент банкке әлі өтініш білдірмеген екі салымшы ең жоғары өтем сомасына – 10 миллион теңге, 30 салымшы – миллион теңгеден астам, 346 адам – 100 мың теңгеден астам, 5 мың адам – 10 мың теңгеден астам депозиттері бар.
Осы жағдайда ҚДКБҚ және Еуразиялық банкі басшылығы «Астана Банкі» АҚ салымшыларына олар тұратын және жұмыс істейтін орындарда төлем алу мүмкіндігін одан ары да қамтамасыз ету қажет деп санады. Еуразиялық банк Қазақстанның 33 қаласында ұсынылған және 17 филиалы мен 114 бөлімшесі бар, ал кейбір бөлімшелері демалыс күндері де жұмыс істейді.
28 қаңтар 2020 ж. 233 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области