БІР КҮНДЕ 9 ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТОҚТАТЫЛДЫ
Қармақшы аудандық соты сот медиациясы институтын дамыту үшін қарқынды түрде жұмыс жүргізуде. Судья медиаторлардың көмегімен сот даулары бойынша шешімін тапқан істердің саны көбейіп, оң нәтиже байқалып отыр.
Қармақшы аудандық сотының судьясы Лаура Әлібекова бір күнде 9 азаматтық істі медиация тәртібімен тоқтатты.
Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша реттеуге келісімге келген.
Сондықтан осы заң талабына сәйкес, сот азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомаларын талапкерлерге қайтарып, азаматтық істерді сот өндірісінен тоқтатты.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі