Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда 2675 науқас бүйрек трансплантациясына мұқтаж

Қазақстанда 2675 науқас бүйрек трансплантациясына мұқтаж

Kyzylorda-news.kz Қызу талқыланып жатқан Жаңа денсаулық кодексіне сәйкес елімізде «мәйіттік донорлыққа қарсы» адамдардың арнайы тізімі жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының директоры Болатбек Баймаханов журналистермен кездесуінде айтты.
Бүгінгі кездесуге өмір мен өлімнің арасында қалып, бір кездері бүйректерін ауыстырған азаматтар да келді. Солардың бірі – Қуанышбек Атабеков. 17 жыл бұрын ауыр диагноз төбемнен жай түскендей әсер етті дейді ол. Әйтеуір Пекинде мәйіттік донор табылып, аман қалыпты.
«Трансплантацияға дейін адам диализ деген аппаратта өмір сүреді. Аптада 7 күн болса, соның үш күні өмірінен сызып тасталды деген сөз», - деді қала тұрғыны Қуанышбек Атабеков.
Қазір елімізде Қуанышбек секілді 2675 адам бүйрек трансплантациясына мұқтаж. Жыл сайын олардың 10-20 проценті кезегі жеткенше қайтыс болып кетеді екен. Оларға өмір сыйлаудың бір ғана жолы ол мәйттік донорлықты дамыту дейді Болатбек Баймаханов. Қоғамда үлкен талқыға түскен «келісім презумпциясы» туралы ұғым 2009 жылғы кодексте қабылданған. Дегенмен Сызғанов орталығында былтыр бір ғана мәйіттік донордан ағза алыныпты.
«Дәрігерлер де сескенеді. Өздеріңіз білесіздер, осыдан 4 жыл бұрын Ақтөбеде орган алынды. Бізден сұрамай, рұқсатсыз органды алды. Ертең соттасамыз деп жатса, әрине дәрігерлердің жұмыс жасауларына кедергі келтіреді», - дейді А.Сызғанов атындағы ҰҒХО директоры Болатбек Баймаханов.
2011 жылдан бері жалпы еліміз бойынша 1656 адамның ағзасы алмастырылған. Соның тек 302-сі – мәйіттік трансплантация. «Келісім презумпциясы» дегеніміз не? Егер адам көзі тірісінде қарсылық танытып, арыз қалдырса, оның ағзасын дәрігерлер ала алмайды.
«Қазір осы жерден шығып, нотариусқа барып қарсымын деп жазып, поликлиникаға тапсырып қойсаңыз болды, алуға болмайды», - дейді Болатбек Баймаханов.
Өзгеге өмір сыйлау туралы шешім қабылдау – әр адамның өз құқы. Сондықтан талқыланып жатқан жаңа Денсаулық кодексінде «мәйіттік донорлыққа қарсы» адамдардың арнайы тізімі жасалады. Ал адамның келісімінсіз ағзасын алған дәрігерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
29 қаңтар 2020 ж. 262 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области