Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуға не кедергі

Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуға не кедергі

Kyzylorda-news.kz «Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры Қуаныш Исбеков елімізде балық шаруашылығы саласының негізгі проблемасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Негізгі проблемалардың бірі – ол су қоймаларына жіберетін шабақтардың көлемі мен түр алуандығының жеткіліксіздігі. Бұл өз кезегінде тауарлық балық шаруашылығын тежеумен қатар, сонымен қатар су қоймаларындағы балық өнімділігін қысқартады», - деді Қуаныш Исбеков Сенатта балық шаруашылығы тақырыбына арналған кездесуде.
Оның сөзіне қарағанда, аталған проблеманы шешу үшін тиісті қадамдарды іске асыру керек.
Осы орайда балық жіберу тетіктері бөлігінде нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер ұсынылып отыр. Бұл ретте «балықты көбірек ауласа, шабақты көбіреу жіберу» қағидасына көшу керек.
Сонымен бірге, мемлекеттік тапсырыс есебінен сирек және жойылып бара жатқан балық түрлерін жіберу іске асырылуы керек. Ал бизнес аулаған балық түрлерін барынша көбірек өсіруі тиіс.
Бұдан бөлек, мамандандырылған селекциялық-генетикалық орталықтарды құру қажетті айтылды. Онда балық түрлерінің аналығы шоғырланып, барша Қазақстанды уылдырықпен және шабақпен қамтамасыз етеді.
29 қаңтар 2020 ж. 222 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области