Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда ауыл шаруашылығы алқаптары ғарыштан тексеріледі

Қазақстанда ауыл шаруашылығы алқаптары ғарыштан тексеріледі

Kyzylorda-news.kz. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарға ғарыштан мониториг жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».Бұл пилоттық жобамен Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола және Қостанай облыстары қамтылып отыр. Жалпы Тобыл өңірінде егін егіп, мал бағуға арналған жер ауқымы 12 миллион гектарды құрайды. Бірақ соны дұрыс игермеу немесе заңсыз иелену жайттары аз емес. Өткен жыл ішінде қараусыз қалған 320 мың гектар алқап мемлекет меншігіне қайтарылған. Тағы 104 мың гектарға қатысты іс сотта қаралып жатыр.
«Ғарыштан бақылау егіндік, шабындық жерлерді кім, қалай пайдаланып жатқандығын нақты анықтауға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.
 
«Бұл жоба бізге ешқайда бармай-ақ спутник арқылы мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Жер телімдері қалай пайдаланылып жатқандығын тез анықтап, сол бойынша шұғыл түрде тиісті шаралар қолданатын боламыз», - дейді облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Әбдуов.
31 қаңтар 2020 ж. 237 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области