3 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1990 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті құрылды және оны 1992 жылы наурыз айында Халықаралық Олимпиада комитеті мойындады. Штаб-пәтері Алматыда орналасқан. Халықаралық Олимпиада комитетінің, Азия Олимпиада кеңесінің және өзге де халықаралық спорт ұйымдарының мүшесі. Қазақстандағы спортты дамыту қызметімен айналысады.
1992 жылы Алматы қаласында АҚШ елшілігі ашылды. Америка Құрама Штаттары 1991 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды.