Қызылорда ХҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы кабинет ашылды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының №1 орталық ХҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабинет ашылды.Мұнда олар мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік төлемдер және құқықтық сұрақтары бойынша тегін кеңес алумен қатар, цифрлық дағдыларын арттырып, шығармашылығын шыңдамақ.
Жоба Еріктілер жылы аясында және «Қолжетімді Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іске асуда.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалымен және «Волонтеры Кызылорда», «Pro Bono», «Инклюзивті шығармашылық» қоғамдық қорлары, «Бітім» медиация орталығымен алты жақты меморандумға қол қойып, алдағы уақытта өтетін біріккен шаралар талданды.