Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагондар жолға шықты

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагондар жолға шықты

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жеке тасымалдаушы «Марал Нұр» ЖШС өздеріне тиесілі №617/618 Қызылорда – Жезқазған - Нұр-Сұлтан бағытындағы пойызға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы вагондарды тіркеді, - деп хабарлады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі.

Вагондар соңғы үлгіде жабдықталған, бейнемониторы бар, көтергіш құрылғы кез келген биіктіктегі платформадан ішке кіруге мүмкіндік береді. Айта кетейік, «Марал-Нұр» ЖШС 2005 жылы 5 вагонмен ұйымдастырылып, бүгінде теміржол көлігімен жолаушыларды тұрақты тасымалдап келеді. Қазіргі таңда 24 жеке вагоны бар, оның 4 жаңа вагоны мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған. №307/308 Жезқазған- Нұр-Сұлтан бағытындағы №307/308 пойыз күнделікті, №617/618 Қызылорда - Жезқазған - Нұр-Сұлтан бағытындағы №617/618 пойыз күн сайын қатынайды.
17 шілде 2019 ж. 395 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области