Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Үстіртте фотоға түсіп қалған қабылан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді

Үстіртте фотоға түсіп қалған қабылан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді

Kyzylorda-news.kz. Үстірт мемлекеттік қорығында тағы да қабылан фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметінше, фототұзаққа қабылан 2019 жылдың желтоқсан айы мен 2020 жылдың қаңтарында екі мәрте түсіп қалған. Ал жалпы Комитет өкілдері Үстіртте қабыланның пайда болғанын 2018 жылы хабарлаған болатын.
«Сол тұста қорықта қабыланды зерттеу бойынша экспедиция ұйымдастырылған еді. Экспедиция қорытындысы бойынша, мамандар мысық тұқымдастардың сирек кездесетін түрі – алдыңғы азиялық қабыланның пайда болғанын растаған еді. Осыдан кейін комитет жыртқышты зерттей бастады. Жақында сол қабыланды «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу» жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алдық», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.
Қабыланды Қызыл кітапқа енгізудегі басты мақсат – Қазақстанда аталған аңды сақтау және оған мониторинг жасау бойынша жұмысты жалғастыру болып отыр.
Panthera pardus L.,1758 қабыланы – жыртқыш сүтқоректілердің түрі. Негізінен Африка мен Оңтүстік Азияда мекендейді.
04 ақпан 2020 ж. 450 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области