Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауыл әкімі кабинетінде карта ойнап, масқара болды

Ауыл әкімі кабинетінде карта ойнап, масқара болды

Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысында ауыл әкімі кабинетінде карта ойнаймын деп масқара болды. Болған жайтты куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Қызмет орнында құмар ойын ұйымдастырған шенеунік тәртіптік жазаға тартылып жатыр.
"Мынау біздің Шардара ауылының әкімшілігі, карта ойнап жатыр, халықтың қамын жейтін кісілер бәрі", - дейді видео авторы.
Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі Әлібек Сейдалиев кабинетіне игі жақсыларды жиып, жұмыстан бір сәт сергиін деді ме, әлде бар шаруасын бітіріп тастады ма, әйтеуір қызу ойынға кірісіпті. Салдарынан ойынпаз әкім облыстық тәртіптік кеңестен бір-ақ шықты, деп хабарлайды ktk.kz.
Кінәсін бірден мойындап, енді қайталанбайтынын айтқанымен, кеңес мүшелері оған сенбеген сияқты. "Валетті ұстаймын" деп бәлеге қалған азаматты ауыл әкімі қызметіне сай емес деп танып, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.
05 ақпан 2020 ж. 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области