Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауыл әкімі тұрғындарды өз үйінің құрылысына салған (видео)

Ауыл әкімі тұрғындарды өз үйінің құрылысына салған (видео)

Қызылорда облысында ауыл әкімі қоғамдық жұмысқа тіркелген тұрғындарды өз үйін салуға жұмсаған. Көпшілік әйел әкімнің жұмысына көңілдері толмайтынын айтады. Шағын ауылда шыққан шу аудан орталығына дейін жетті. Мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін арнайы комиссия да құрылған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Жосалы ауылында төрт жүзге тарта адам тұрады. «Шалғайдағы ел-жұрт бір жылдан бері берекеміз қашты» дейді. Ауылдағы жалғыз көлік жөндейтін шеберхана талан-таражға түскен. Тұрғындар су арналарын тазалауға бөлінген қомақты қаражаттың қайда кеткенін білгісі келеді.
«Ішінде дым жоқ. Есік-терезесіне дейін, талдың астына қойған стойкасына дейін дым қалдырмай мынау әкімнің жолдасы темірге кесіп-кесіп өткізіп жіберген. Өзіміз көріп тұрмыз соңы», - дейді Жосалы ауылының тұрғыны Нағашыбай Өтемұратов.

«Ауылдын аяқ суына байланысты есептік жиналыста Келтеарық деген ауылға насоспен айдайтын каналы бар, соны тазалауға үкіметтен 1 миллион 800 мың бөлінді деді. Бірақ, ол ешқандай да тазаланған жоқ. Ауылға су келген жоқ. Ақша аударылған. Бірақ, ешқандай канал тазартылған жоқ», - дейді Жосалы ауылының тұрғыны Төлеген Шахзада.
Ауылдағы ағайынның округ әкіміне өкпесі қара қазандай. Шенеунік елді мекенді абаттандырудың орнына, өз үйінің құрылысына жерлестерін жегіп шектен шықты деп отыр. Көпшіліктің айтуынша, Сәрсенкүл Есқалиева қоғамдық жұмысқа тіркелгендерді баспана салуға жұмсаған.
«Әкімнің үйі мынау тұр. Қоғамдық жұмысшылардың бәрі бір жыл бойы осы үйде жүрді ғой. Тамын салды, қайтып бұзды, қайтып салдырды»,- дейді Жосалы ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Бағдат Нөсеров.
Әкім әлеуметті үй салуға тартқанын жоққа шығармайды. «Өздері келісім берген соң демалыс күндері құрылыс салғаны шындық»,- дейді.
«Аудан әкіміне, прокурорға арызданған бұл кісілер. Сол бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Органдар жұмыс жасап жатыр. Мен жұмсасам, демалыс күндері жұмсадым, рас. Өздерінің келісімімен», - дейді Жосалы ауылдық округінің әкімі Сәрсенкүл Есқалиева.
Шағын ауылдан шыққан шу аудан атқамінерлеріне дейін жеткен көрінеді. Енді түйткілді арнайы құрылған жұмыс тобы тарқатады.
«Жұмысшы топ құрылып, зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ұрлану фактісі бойынша Қармақшы аудандық полиция бөліміне хат жолданды. Қазіргі таңда алдын-ала тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қорытындысы қосымша хабарланатын болады», - дейді Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Айбол Қозбақов.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы тексеріс қорытындысын ауыл халқына жеткіземіз деп сендірді. Ал, тұрғындар болса көктемгі егіс науқаны басталмай тұрып су мәселесін шешіп берсін деген талап қойып отыр.



26 ақпан 2019 ж. 367 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области