Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда былтыр 2 млрд 255 млн теңгені құрайтын 256 жобаға несие берілген

Қазалыда былтыр 2 млрд 255 млн теңгені құрайтын 256 жобаға несие берілген

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданы кәсіпкерлері алдында өткен есепті кездесуінде айтылды.Кездесуде Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Құлмахан, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Болат Нұрхожаев және Палатаның Агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков пен аудандық филиал директоры Қадырхан Еңсепов аймақта кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтып, бизнес өкілдерінің проблемаларын тыңдады, сондай-ақ сауалдарына жауап берді.
Айта кету керек, Қазалы ауданында кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар қатары уақыт өткен сайын көбеюде. Ауданда нақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4302-і құрап отыр.
Өткен жылы Қазалы ауданы бойынша 250 азамат кәсіпкерлік мақсатта барлығы 106,7 млн теңге мемлекеттік қайтарымсыз қаржыға қол жеткізген. Сондай-ақ жалпы құны 2 млрд 255 млн теңгені құрайтын 256 жобаға мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алынды.
Қазалы ауданы бойынша өткен жылы 600 адам «Бастау», «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша біліктіліктерін жетілдірсе, 169 қазалылық «Бизнес-кеңесші» оқу курсына қатысқан.
05 ақпан 2020 ж. 227 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области