Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырлық кәсіпкерлердің мәселелері қандай?

Байқоңырлық кәсіпкерлердің мәселелері қандай?

Kyzylorda-news.kz. Кәсіпкерлер палатасының Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінде өткен есепті кездесуінде бизнес өкілдері салаға қатысты мәселелерімен бөлісті.Есепті кездесуде Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Құлмахан, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Болат Нұрхожаев және Палатаның Байқоңыр қаласындағы филиал директоры Алмат Өтегенов Палатамен атқарылған жұмыстар туралы кәсіп иелеріне жан-жақты ақпарат беріп өтті.
Кездесу барысында кәсіпкерлер салық саласы бойынша заңнамадағы өзгерістер, жеңілдіктер жөнінде сұрап, бақылау-кассалық аппараттарға қатысты проблемаларды ортаға салды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік мақсатта берілетін жеңілдетілген несие алудағы кепіл мүліктің мәселесін, айналым қаражатына берілетін несиелерде жеңілдіктің жоқтығын, жер телімін алуға қатысты жайтты, жолаушы тасымалымен айналысуда автобекеттің, жол жүру белгілерінің проблемаларын да айтып өтті.
Айта кету керек, өткен жылы Байқоңыр қаласы бойынша «Бастау» жобасы бойынша 148, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 34 адам біліктілігін жетілдіріп, олардың ішінде 87 «Бастаулық», 17 «жас кәсіпкерлік» 100-ден 200-ге дейінгі айлықтық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттің қайтарымсыз қаржысына ие болды.

04 ақпан 2020 ж. 235 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области