Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ақжарқын Тұрлыбай рақымшылыққа іліге ме?

Ақжарқын Тұрлыбай рақымшылыққа іліге ме?

Kyzylorda-news.kz. Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылса, рақымшылыққа ілігуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай деді.
Ахметжановтың айтуынша, қазір отандасымыз Қытай сотының үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Осы процесс аяқталған соң бас прокуратура өкілдері отандасымызды елге қайтарып алу мәселесімен айналысады. Қазір Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды экстрадициялау туралы келісім бар. Соның негізінде Ақжарқын Тұрлыбайды елге алдыруға мүмкін болады. Егер елге қайтып, рақымшылық науқаны өткізілсе, істі болған қазақ қызына кешірілім берілуі әбден мүмкін. Біздің тарап қазір Қытай сотының шешімі заңдық күшіне енгенін күтіп отыр.
«Біз ресми түрде Қытай мемлекетіне ондай арыз-шағым түсіп жатқан кезде егер ол кісілер жазасын Қазақстанда өтейміз десе, сұрау жібереміз. Біздің шарттар бойынша егер Қазақстанда рақымшылық болса, әрбір келісімде әр түрлі жазылған (қандай мемлекетпен қалай келісеміз), ондай мүмкіндіктер бар толық», – дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.
05 ақпан 2020 ж. 306 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области