Қызылордада ерікті заң өкілдері тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуде
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық әділет департаментінің ұйымдастыруымен көпбейінді облыстық ауруханасында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету бойынша ерікті студенттермен және ерікті заңгерлермен бірлесіп кеңес берілді.Шара барысында нотариустар, заң консультанттары, департаменттің сала мамандары, ерікті-студенттер аурухана ұжымының және емделушілердің қойылған сұрақтарына жауап берді. Кеңес беру әлі де жалғасын табуда.
Ерікті сутденттермен бірлесе мамандар «Aray City Mall» сауда ойын-сауық орталығында тұрғындарға құқықтық кеңес беруде. Шарада департаменттің барлық салалары бойынша мамандары азаматтарға кеңес бере отырып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жадынамалар таратты.