Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында пәтер ұрлығы азаймай тұр

Қызылорда облысында пәтер ұрлығы азаймай тұр

Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы аймақта 2264 үйді ұры-қары үптеп кеткен. Ал ағымдағы жылдың алғашқы айының өзінде 163 үйге ұры түскен. Осынан кейін «Көрші бақылауы» жобасы қолға алынды.Шағын аудан немесе ауладағы көрші-қолаң бір-бірінің үйіне көз қырын салып қоюға келісті. Қонысының маңында бейтаныс адам айналшықтап жүрсе тұрғындар дереу полицияға хабар беруге уағдаласты.
2020 жыл Тәжікеновтер отбасы үшін шым-шытырық оқиғамен басталды. Жыл ауысар түні олардың пәтеріне ұры түсіп, үйдің астаң-кестеңін шығарған. Ақша мен әшекей бұйымдар қолды болды. Полиция келді, тіркеді, тергеді, тексерді бірақ қарасын батырып үлгерген ұры әлі табылмады.
«Домофон жұмыс істеп тұрса, ешкім аша қоймас еді. Енді бұл жерде камера да жоқ. Балалардың көңіл-күйі түсіп кетті. Жинағандары сынып. Қайта өздері үйде болмай қалды. Балалардың үйде қалып кетпегеніне шүкір деймін», - дейді қала тұрғыны Ақмарал Тәжікенова.
«Көрші бақылауы» жобасы аясында полиция тұрғындарға өз қотырыңды өзің қасы демей, баспананы бірлесіп күзетуді ұсынып отыр. Алыс сапарға кеткенде көршілерге ескертіп, аймақтық полиция инспекторына үй-мүлкіңізді аманаттап кетсеңіз болады. Бейтаныс жандардың суыт жүрісіне бей-жай қарамай, тәртіп сақшыларына «сыбырлауды» әдетке айналдырған дұрыс.
«Көршім жұмыста 1-қабатта тұрады. Ақерке деген қыздың мамасы маған жазып жіберді: «Жанка апа, үй артындағы терезенің алдында белгісіз 2 ер, бір әйел отыр көріп жібересіз ба?» деп. 6-сынып оқитын немерем екеуміз қорықсақта барып көрдік. Расында 3 адам отыр. Үйге келіп, телефон алып учаскелік полицей Ерлан мен Бағдатқа хабар бердік. Ол біздің сигналға бірден келіп, ана кісілерді алып кетті», - дейді қала тұрғыны Жанна Жүсіпова.
«Тұрғындар 102 арнасына қоңырау шалуына болады. Анонимді түрде де қабылдай береді аты-жөнін айтпаса да құқық бұзушылық, қылмыстың алдын алу мақсатында хабарлай беруге болады. Және де былтыр жылдың аяғында «Аймақ» ісшарасы өтті. Сол кезде біз аумақтағы бүкіл тұрғындардың пәтерлерін аралап, қай пәтерде кім тұратынын тізімдік есеп жасап, визитка таратқанбыз», - дейді учаскелік полиция инспекторы Бағдат Шахметов.
«Бұл біздің жұмысымызды көптеп жеңілдетеді. Облыс орталығында байқағанымыз қазір қоғамның, азаматтардың қылмыстарды ашуға, болдырмауға және әкімшілік құқықбұзылыққа жол бермеуге қатысуы жоғарылап отыр. Бұл бізді қуантатын жағдай», - дейді ОПД бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.
Алыста орнатылған бейнебақылау камерасынан гөрі, қырағы көршің артық. Өйткені олар көшеде кім жүр, аулаға қандай көлік кіріп-шықты, кім келіп-кетті бәрін байқайды және шұғыл таратады. «Аула бақылауы» жобасы басталғалы 33 құқық бұзушының ұсталуы осыған дәлел.

07 ақпан 2020 ж. 204 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области