Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық жігіттер таныстарының үйіне ұрлыққа түскен

Қызылордалық жігіттер таныстарының үйіне ұрлыққа түскен

Қызылордалық екі жас жігіт таныстарының пәтеріне ұрлыққа түскен, деп жазады Kyzylorda-news.kz.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше ұрылар Тасбөгет кентіндегі тұрғын үйдің терезесін бұзып кіріп, үй егесіне тиесілі сейфті ұрлап кеткен. Сейфте жалпы 1 млн 650 мың теңге ақша мен алтын бұйымдар болған.
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар өздерінің қылмыстық әрекеттерін мойындап жауап берді. Ұрланған заттардың біршамасы тәркіленіп, олар егесіне қайтарылған.
Екеуіне де ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (ірі мөлшердегі ұрлық) айып тағылып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
20 наурыз 2019 ж. 369 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области