Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » OneWeb спутниктері Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды

OneWeb спутниктері Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды

Kyzylorda-news.kz. «Фрегат» үдемелі блогы мен британдық компанияның OneWeb ғарыш аппараты тиелген «Союз-2.1б» зымырантасығышы Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Союз 2.1б» зымырантасығышы белгіленген уақытта, яғни 7 ақпан күні сағат 03:42-де Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан ұшырылды.
Роскосмос бұл оқиғаны тікелей эфирден көрсетті.
Стартқа 40 минут қалғанда «Роскосмос-ТВ» көрермен назарына Байқоңыр айлағындағы дайындық жұмысы туралы видеосюжеттерді, Роскосмос пен OneWeb компаниясының ынтымақтастығы туралы мамандармен сұхбатты, «Союз 2.1б» зымырантасығышы орнатылған Байқоңыр алаңынан тікелей эфирді ұсынды.
Нысан штаттық режимде ұшырылды. Тікелей эфир репортажын жүргізушілердің сөзіне сенсек, зымырантасығыштың алдыңғы екі басқышы белгіленген уақытта бөлініп шыққан, ал «Фрегат» үдемелі блогының бөлігі спутниктермен бірге старттан кейін арада 10 минут өткенде ажырады.
Ұшырылымның циклограммасына сәйкес одан кейінгі 3,5 сағатта ғарыш аппараттары «Фрегат-М» үдемелі блогынан бөлінеді, сөйтіп орбитадағы өз нүктелеріне жайғасады.
OneWeb төменорбиталды ғарыш аппараттары жер бетіндегі тұтынушыларды тікелей спутник байланысы арқылы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге арналған. Компания жалпы саны 500-ден астам спутникті Жер айналасындағы орбитаға шығарып, 2020 жылдан бастап оларды коммерциялық мақсатта пайдалануды көздеп отыр. OneWeb 2021 жылдан бастап Жерді 24-сағаттық байланыспен қамтымақ.
Еске сала кетейік, кеше «Союз МС-13» ғарыш кемесінің экипажы белгіленген уақытта Жезқазған қаласының маңына қонған болатын.
07 ақпан 2020 ж. 259 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области