Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда күнкөріс минимумы 12 пайызға өсті

Қазақстанда күнкөріс минимумы 12 пайызға өсті

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарында жан басына есептегенде күнкөріс минимумы 30 мың теңгеге жетіп, 11,6 пайыз өсімді көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Зерттеуге сүйенсек, тура бір жыл бұрынғы көрсеткіш 26,9 мың теңге болып, жылдық өсім 4 пайызды құраған.
«Биыл қаңтар айында тауарлар мен қызметтердің бағасы өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 5,6 пайызға өсті. Оның ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 9,2 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,2 пайыз, ақылы қызметтер 1,4 пайыз деңгейге өсті. Ең жоғары күнкөріс минимумы бұрынғыша Маңғыстау облысында - 35,4 мың теңгелік деңгейде. Бұл бүкіл ел бойынша орташа деңгейден 18 пайызға жоғары көрсеткіш», - делінген зерттеу қорытындысында.
Көнкөріс минимумының мөлшері бойынша үздік үштікті Нұр-Сұлтан қаласы (33,5 мың тг) мен Алматы (33,1 мың тг) түйіндейді. Үздік бестік сапында сонымен қатар Алматы (30,7 мың) мен Түркістан (30,3 мың) облыстары тұр. Жалпы елде алты өңірде күнкөріс минимумының мөлшері орташа республикалық деңгейден жоғары.
Ал күнкөріс минимумының төменгі деңгейі Павлодар (26,3 мың тг), Батыс Қазақстан (26,9 мың тг) және Ақтөбе (27,2 мың тг) облыстарында байқалады.
07 ақпан 2020 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области