Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Серікбай қажы Ораздың қызметінен неге кеткені белгілі болды

Серікбай қажы Ораздың қызметінен неге кеткені белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. Бұрынғы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қызметінен денсаулығына байланысты кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Серікбай қажы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының IX құрылтайында отставкаға кеткенін жариялады, деп хабарлады Әзірет Сұлтан мешітінің мамандары. Оған денсаулық жағдайы себеп болған.
Серікбай қажы 2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып сайланған еді.
Ол өзінің орнына Наурызбай қажының кандидатурасын ұсынды.
"Наурызбай қажы Тағанұлы менің бірінші орынбасарым ретінде көптеген игі жобаларды жүзеге асырды. Дін саласында тәжірибесі мол. Наурызбай қажы Тағанұлының діни басқарма жұмысын жандандырып, жаңа бастамаларға ұйытқы болатынына сенемін", – деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.
 
"Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300 делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмысымыз бар", - деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында.
07 ақпан 2020 ж. 328 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области