Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аллергияға бейім теріге қалай күтім жасау керек?

Аллергияға бейім теріге қалай күтім жасау керек?

Kyzylorda-news.kz. Аллергиялық реакцияларға бейім жоғары сезімтал тері қоршаған ортаның кез келген факторына әсер береді: жел, күн, суық, құрғақ ауа, үйкеліс, ағаштардың гүлдеуі және т.б. Тіпті, кей косметикалық құралдар аллергиялық реакция тудырып, дерматитке әкелуі мүмкін. Мұндай аллергияға бейім теріге қалай күтім жасау керек?
Терідегі аллергия – ағзаның нақты компонентке немесе факторға берген реакциясы. Ол қызыл дақ немесе бөртпе шығарып, қышуы немесе ісініп кетуі мүмкін. Бұл белгілер, әдетте, аллергенмен байланыстан соң 48 сағат ішінде көрінеді. Ал аллергияны туғызған затпен байланысты үзген кезде және кейде дәрі қолданған кезде аллергия кетуі керек. Мұндай жағымсыз жағдай орын алмас үшін төмендегі ережелерді сақтау ұсынылады:
- Аллергеннен аулақ болыңыз. Аллергияның қай өнімге немесе компонентке пайда болғанын дерматолог анықтайды. Аллергияны уақытында дәрігерге көрсету маңызды. Себебі аллергия ұлғайып кетсе, ол тыныс алуға кедергі жасап, адам өміріне қауіп төндіреді. Аллерген өте аз мөлшерде болса да, ол теріге реакция береді. Нақты өнімнің құрамын мұқият зерттеңіз, содан соң ғана қолданыңыз.
- Сезімтал теріге арналған қабынуға қарсы бағытталған өнімді таңдаңыз. Мысалы: аллергияға бейім бет терісіне арналған ылғалдандырғыш крем немесе тоник.
- Маусымаралық кезеңдерде абай болыңыз. Аллергияға бейім тері маусымдар ауысуына нашар бейімделеді, сондықтан оны күйзеліс кезеңіне алдын ала дайындаған жөн. Мысалы, жылытқыш құралдар қосылатын уақытта жылы (термальный) су және ылғалдандырушы кремдер алыңыз. Себебі сезімтал тері батареяларға бірден әсер береді. Ал көктемде ағаштар гүлдейтін жерлерден алшақ жүруге тырысыңыз.
- Салондық процедураларға әуес болмаңыз. Терісі аллергияға бейім адамдар салондық процедураларға сақтықпен қарау ұсынылады. Себебі қандай да бір процедурада сізге аллергия беретін зат болуы мүмкін. Сондықтан оған барарда дерматолог дәрігермен және процедураны жасайтын маманмен жақсылап сөйлесу керек. Оған қоса, терісі өте сезімтал адамдар пилинг секілді теріге агрессивті әсер ететін процедуралардан абай болу керек.
- Бет терісіне тәжірибе жасамаңыз. Үйден жасалатын түрлі маскалар мен пилингтерді ұмытыңыз. Кез келген тәжірибе теріні тітіркендіруі мүмкін.
- Зарарсыздандырылған косметика қолданыңыз. Егер теріңіз өте сезімтал болса, құрамында хош иістендіргіштер, консерванттар және эмульгаторлары жоқ зарарсыздандырылған косметика таңдаңыз.

08 ақпан 2020 ж. 261 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области