Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАПОНДЫҚ ТЕРІ КҮТІМІ: 5 ЛАЙФХАК

ЖАПОНДЫҚ ТЕРІ КҮТІМІ: 5 ЛАЙФХАК

Жапония қыздары бет терісіне ерекше күтім жасайды, себебі олар бет терісі – кез келген қыздың визит картасы деп санайды. Жапондық бет терісі күтімін ұсынамыз.
1. Олар бет терісін арнайы майлармен тазартады. Макияжды кетіру үшін гельмен немесе көбікпен ысқылап жууға болмайды. Олар макияж бен ластықты бетке зиянсыз кетіретін құрал пайдаланады. Гидрофильді май қоректі және дәруменді компоненттердің нағыз көзі деп саналады.
2. Пробиотигі бар косметика – мінсіз тері құпиясы. Жапондар тері жағдайы ішектер микрофлорасына тікелей қатысты екеніне сенімді болғандықтан, пробиотиктерді уақытылы тамақ, арнайы қосымшалар және таблеткалар ретінде қолданады.
3. Жапондық әйелдердің күнге күймейтіндігін байқадыңыз ба? Иә, олар шынымен де күннен қорғанып жүреді. Олар қорғанышы жоғары күннен қорғайтын құралдар қолданады, кең жиекті қалпақ киеді, қолшатыр ұстайды және жеңі ұзын киім киеді.
4. Ең жақсы крем, іріткі немесе гельді теріге дұрыс жақпаса, олар әсерін бермейді. Жапондықтар теріні косметикалық құралдармен уқаламайды, олар саусақ ұшымен жайлап ұру арқылы жағады. Бұл әдіс теріге капиллярлық қанның келуіне көмектеседі және қалпына келу мен жасарудың табиғи процестерін күшейтеді.
5. Олар ылғалдандырушы лосьондар қолданады. Жапониядағы қыздардың көпшілігі арнайы сулы лосьон қолданады. Ол тазартылған теріге массаждық қозғалыспен жағылады. Ол теріні қарқынды ылғалдандырады.


14 тамыз 2018 ж. 1 292 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области