Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында инвестиция көлемі артуда

Қызылорда облысында инвестиция көлемі артуда

Kyzylorda-news.kz. Өткен жылдың қорытындысымен Қызылорда облысына тартылған инвестиция көлемі 400 млрд теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 17,4% өсті.Инвестициялардың өсуі негізінен инфрақұрылымдық, индустриялық жобаларға және мұнай компаниялары мен басқада салаларға тартылған инвестиция есебінен қамтамасыз етілуде.
2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда инвестицияның номиналды өсімі 1,2 есеге көбейіп, өткен жылы көзделген меже толығымен орындалды.
Қазіргі таңда Қызылорда обылсында шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 276,1 млрд тенге құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың қатарында «Компания Гежуба Шиелі Цемент», «Орда Гласс» , «АралСода», «Балауса», «Номад Солар», «НЕС», «Байконыр Солар» ЖШС бар.
Сыртқы инвестиция тартуда да қарқынды жұмыстар атқарылуда. 2019 жылы көрсеткіш 12% ұлғайғаны байқалады.
Айта кету керек, үстіміздегі жылы «Негізгі капиталға инвестициялардың нысаналы индикаторын бекіту туралы» меморандумға сәйкес облысқа 481 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
07 ақпан 2020 ж. 453 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области