Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қордайдағы қантөгіс: Бәрі жол үстіндегі кикілжіңнен басталған

Қордайдағы қантөгіс: Бәрі жол үстіндегі кикілжіңнен басталған

Kyzylorda-news.kz. Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайдағы оқиғаның неден басталғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әу баста, яғни 5 ақпанда екі ауылдың тұрғындары ұстасып қалған. Тұрмыстық қақтығысқа қатысқандардың бірі қазір ұсталып, қалғандары ауданнан шықпайтыны жөнінде қолхатпен босатылды», - деді Алексей Калайчиди.
Оның айтуынша, ауыр жүк көлігі үйден шығып келе жатқан кезде жолда келе жатқан автокөлікпен жолға таласып қалған.
«Көліктерде үш-үш адамнан болған. Ақыры өзара жанжал соңы төбелеске ұласып кеткен», - деді ол.
ІІМ басшысының орынбасары жол үстіндегі төбелесте алты кісінің ішінде, шынында да, жасы үлкен кісінің болғанын растады.
«Ол төбелес кезінде зардап шеккен... Жалпы қазір біз барлық тараған ақпаратқа талдау жүргізіп отырмыз. Ол жерде жүзге тарта адам болған. Олардың әрқайсысының сол жерге келу мотивін зерттеп жатырмыз», - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болып, одан 8 адамның қайтыс болғанын, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты 47 адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.
10 ақпан 2020 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области