Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда көшені қар суынан тазарту жұмыстары жүріп жатыр

Аралда көшені қар суынан тазарту жұмыстары жүріп жатыр

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы аумағында ағымдағы жылғы ақпан айының бірінші он күндігінде ауа райы күрт жылынды. Қыс мезгілінде толассыз жауған қардың шамадан көп болуына байланысты Арал қаласының кейбір ішкі көшелері бойында еріген қар суының жиналу жағдайлары қалыптасты.Табиғаттың тылсым құбылысының салдарынан орын алып отырған мәселелер аудан әкімдігінің қатаң бақылауына алынып, көше бойында жиналған қар үйінділері мен суларды тарту, тазалау жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде.
Бүгінгі күнге дейін 1221 м3 қар үйінділері және 1950 м3 жиналған қар сулары қала сыртына шығарылса, қажеттіліктерге байланысты арнайы техникалармен (погрузчик, камаз) топырақпен қомдау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынды.
Аталмыш жұмыстарға 15-ке жуық арнайы техникалар тартылып, 60-тан аса жауапты жұмысшылар жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Арал қаласындағы Мархабаев көшесінің төменгі беткейінде орналасқан тұрғын үйлерді су басқанын хабарлаған болатынбыз.




10 ақпан 2020 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области