Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада биыл қандай мәдени шаралар өтеді?

Қызылордада биыл қандай мәдени шаралар өтеді?

Kyzylorda-news.kz. Бұл сауалға бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференцияда Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова жауап берді.2020 жылғы тарихи оқиғаларға байланысты Алтын Орданың 750 жылдығына, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай мәдениет ұйымдарында түрлі деңгейде барлығы 816 ауқымды мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылатын болады.
Жыл көлемінде атқарылатын мәдени шараларды атап өтер болсақ:
- Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған шаралар Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Абай» спектаклімен басталды. Бұл спектакль биыл ай сайын өткізіледі.
- Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» тақырыбымен кеңейтілген тұрақты көрме ашылды.
- 12 ақпан күні C.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында өтетін «Қанат жайған руханият» атты тақырыптық көрмені тамашалауға шақырамын;
- Сондай-ақ, облыс халқының Абай әлемімен жақын танысуына жағдай жасау, қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 21 ақпаннан бастап Семей қаласынан арнайы шақыртумен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің «Абай - дана, Абай - дара қазақта» көшпелі көрмесі 10 күн бойы C. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында ұйымдастырылады.
- 27 ақпан күні «Даналыққа құрмет, ерлікке тағзым» атты республикалық ақындар айтысы өткізіледі.
- Сыр елінде алғаш рет Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди «Абай» операсынан үзінді қойылып, «Көзімнің қарасы» атты облыстық вокалистер конкурсы,
- «Ұлы дала ырғақтары» атты Абай әндеріне қойылған облыстық би байқауы;
- «Ұлы халықтың - Ұлы Абайы», «Абай дара, Абай дана қазақта», «Әлемге танылған Абай», «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты кітап көрмелері мен әдеби кештері;
- Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Абайдың ән әлемі» атты концертін өткізу жоспарланып отыр.
Ұлы ақынның асыл мұрасын насихаттау, шығармашылығы арқылы жеткен ұлттық-танымдық тәрбиені жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында облыстағы барлық мәдениет, өнер және архив мекемелері белсенді атсалысып, түрлі форматтағы іс-шаралар мен жұмыстарды жүзеге асырады.
Сондай-ақ, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев атындағы І халықаралық «Туған жер», әнші-композитор Батырхан Шөкенов атындағы «Отан-Ана» республикалық конкурстары, Ұлттық домбыра күніне орай «Ғасырлар пернесі» атты республикалық күйшілер байқауы және дәртүрлі «Жүрек жылуы» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың фестивалі өткізіледі.
10 ақпан 2020 ж. 452 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области