Абай 175 жылдығы: Қызылордада қандай мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады?
Kyzylorda-news.kz. Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қызылорда облысында да мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Жыл бойы өткізілетін іс-шаралар туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова айтты.
Ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткізілетін шаралар тізіміне тоқталсақ.
Ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткізілетін шаралар тізіміне тоқталсақ.-Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу шеберлері мен концерт жүргізушілердің облыстық конкурсы;
-«Қанат жайған руханият» атты көрме;
-Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің «Абай - дана, Абай - дара қазақта» атты Қызылорда қаласындағы жылжымалы көрмесінің ашылуы;
-«Даналыққа құрмет, ерлікке тағзым» республикалық ақындар айтысы;
-Е.Төлеубайдың «Абай» драмасы;
-Абай оқулары;
-«Абай әлемі» кітап фестивалі;
-А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай» операсынан үзінді қою (концерттік нұсқасы);
-«Ұлы дала ырғақтары» атты Абай әндеріне қойылған облыстық би байқауы;
-«Көзімнің қарасы» атты облыстық вокалистер конкурсы;
-«Ұлы халықтың - Ұлы Абайы», «Абай дара, Абай дана қазақта», «Әлемге танылған Абай», «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты кітап көрмелері мен әдеби кештері;
-Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Абайдың ән әлемі» атты концерті өтеді.

























