Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда 130 университеттің 20-сы жабылуы мүмкін

Қазақстанда 130 университеттің 20-сы жабылуы мүмкін

Kyzylorda-news.kz. Елімізде 130 ЖОО бар, олардың саны қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЖОО Ассоциациялар президенті Рахман Алшанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мысалы, машина жасау мамандығына 1000 грант береді, ал керегі - 200 болуы мүмкін. Бұл жерде бәрі қандай мамандық қажет екеніне байланысты. Әр саланың ерекшелігін, сұранысқа ие екенін ескере келе, 130 ЖОО-ның 15-20-сы қысқаруы немесе жабылуы мүмкін», - дейді Рахман Алшанов.
Сондай-ақ, ҚР ЖОО Ректорлар кеңесі төрағасы Ерлан Сыдықов студенттер саны қысқармайтынын айтты.
«Студенттердің саны қысқармайды. Жоғары білім алғысы келетін, соған ынталы азаматтардың көп болуы еліміздің болашағы үшін маңызды. Ежелден қазақ қоғамында баласын оқытуға, оның білімін шыңдауға ынта жоғары болған. Бұл ынтаны біз пайдалануымыз керек, сондықтан бұл жерде студенттерді қысқарту мәселесі жоқ. Біз тек талапқа сай емес жоғары оқу орындарын қысқарту бойынша ұсыныстар беруіміз шарт», - дейді ол.
11 ақпан 2020 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области