Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада кәсіпкерлер күріш бағасын негізсіз қымбаттатқан

Қызылордада кәсіпкерлер күріш бағасын негізсіз қымбаттатқан

Kyzylorda-news.kz. Өңірде агротауар өндіру және өткізумен айналысатын бірнеше серіктестік өзара келісім аясында дақылдың құнын 50 процентке дейін көтергені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».Мәселен, өзіндік бағасына сай ақталған күріштің келісі орта есеппен 220 теңгеге саудалануы тиіс болса, бизнесмендер оны 330 теңгеден сатқан. Аймақта астық бағамының мұнша шарықтауына байланысты азық-түлік нарығына талдау жүргізген сала мамандары бәсекелестікті қорғау заңнамасы бұзылғанын айтып отыр. Облыстың басты ауыл шаруашылығы дақылымен қатар тауық еті мен жұмыртқа бағасы да қолдан өсірілгені әшкереленді.
«Абзал и К», «Най-Мир», «Жан-Арай» ЖШС-іне ҚР бәсекелестікті қорғау саласы заңнамасын бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарлама берілді. Бөлшек саудадағы күріш бағасы орташа есеппен 250 теңге болып отыр. Егер де осы жағдай аталған субьектілермен қайталанған жағдайда ҚР КК нормаларына сәйкес субьектілер іс-әрекетіне қатысты тергеу жүргізіледі», – дейді ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Еркін Қазығұлов.
11 ақпан 2020 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области