Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қордай ауданындағы көшелер қоқыстан тазартылып жатыр

Қордай ауданындағы көшелер қоқыстан тазартылып жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қордай ауданында төтенше жағдай болған елді мекендер күл-қоқыстан тазартылып жатыр.Бұл жұмыстарға Тұрар Рысқұлов, Шу, Меркі аудандарынан қосымша техникалармен жұмысшылар тартылды. Қазір үш ауылдың көшелерінде 40-тан астам техника мен 130-ға жуық адам жұмылдырылып отыр.
Айта кету керек, жанжал кезінде жалпы саны 36 тұрғын үй өртеніп, 11 кәсіпкерлік нысандары және 44 автокөлік жанып кеткен еді. Бүгінгі күнге дейін 100 тоннаға жуық қирандылар мен қоқыстар сыртқа шығарылып, тазартылған. Алайда кейбір нысандар мен тұрғын үйлердің аулаларындағы қоқыс түртілмеген күйі жатыр. Бұл арнайы комиссияның шығындарды есептеп, нақты көлемін анықтау үшін қажет.
«Масанчи ауылының көшелерін бір аралап шығамыз. Күл-қоқыстарын тазалап. Түстен кейін екінші рет айналып, тазалау жұмыстары жалғасады. Осы аптаның аяғына дейін аяқтау жоспарда. Әрі қарай жұмыс алгоритм бойынша жалғастырамыз», - дейді Қордай аудандық ТКШ бөлімінің бас маманы Еркін Сарыбағыш.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болып, одан 10 адамның көз жұмғанын, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Үкіметтің комиссия жұмыс жасап жатқандығын хабарлаған болатын.

11 ақпан 2020 ж. 214 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области