Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қорғаныс министрлігі депутат Смағұлдың дүнгендер жайлы сөзін жоққа шығарды

Қорғаныс министрлігі депутат Смағұлдың дүнгендер жайлы сөзін жоққа шығарды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда дүнген ұлтынан 40-қа жуық сарбаз әскери борышын өтеп жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.Бұған дейін мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Facebook-те «бірде-бір дүнген қазақ әскерінің қатарында қызмет етпейді» деп жазған болатын.
«Әлеуметтік желілерде тараған дүнгендердің әскери қызметтен бас тартатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда дүнген ұлтынан 40-қа жуық сарбаз мерзімді әскери қызметін атқарып жатыр. Жалпы 2019 жылы 30 мыңнан астам сарбаз шақырылды, оның ішінде қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар, ұйғырлар, өзбектер және басқа ұлт өкілдері бар», - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
«Әскерге шақырылушыларды іріктеу кезінде олардың ұлты емес, тән саулығы, психологиялық және моральдық орнықтылығы, жеке қасиеттері басты өлшем ретінде қарастырылады», – деп атап өтті ведомство.
14 ақпан 2020 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области