Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 15-17 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстік жартысында күн бұлтты, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Мұндай ауа райы Орталық Азиядан ығысатын циклонмен байланысты болады. Ал республиканың солтүстік жартысында қардың жаууы, бұрқасын, оңтүстік-батыс желі Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық фронттарды тудыратын болады. Ауа температурасының аздаған төмендеуі жексенбіде басталып, ақпан айының орташа көпжылдық мәніне жақын болады.