Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 18 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

18 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1992 жылы Қазақстан балаларының «Бөбек» қайырымдылық қоры құрылды. Оның негізгі мақсаты - ана мен баланы қорғау.

1992 жылы Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан республикалары арасында мемлекетаралық су ресурстарын бірлесе басқару және пайдалану жөніндегі келісімге қол қойылды.

1993 жылы Шымкент қаласының орталық көшелерінің біріне ғалым-этнограф, фольклоршы Әубәкір Диваевтың есімі берілді.

2003 жылы Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театрында Қазақстанның Ресейдегі жылының ашылу рәсімі өтті. Мерекелік шаралардың аясында 2003 жылдың 17-20 ақпан күндері Мәскеудегі Кремльде «Алтын адам. Сақ қорғандарының қазынасы» көрмелері, қазақстандық кино апталығы, Қазақстан өнер шеберлерінің концерттері, т.б шаралар өтті. Қазақстан өнер шеберлерінің гала-концерті мен «Әлем мойындаған Қазақстан» атты кітап көрмесі болып өтті.

2015 жылы Бүкіләлемдік Универсиада туы Алматы дирекциясына тапсырылды. Қазақстан - Универсиада өткізген ТМД елдері арасындағы тұңғыш мемлекет.
18 ақпан 2020 ж. 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области