Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды

Қызылорда қаласының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды

Kyzylorda-news.kz. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппараттық мәжілісте кадрлық өзгерістерге тоқталды.Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 16 қаңтардан бастап Әбдірасулов Дәулетбек Жәнібекұлы қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалып, құрылымдық өзгерістерге сәйкес, 2020 жылғы 6 ақпанда қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне қайта тағайындалды. Сонымен қатар, 2020 жылдың 5 ақпанынан бастап Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.
Аппараттық мәжілісте бекітілген күн тәртібіне сәйкес, «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысы туралы» және «Білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» екі мәселе қаралды.
Бірініші мәселе бойынша хабарлама жасаған қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Рахметова атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын сапалы орындау басты назарда екендігін мәлімдеді. Бұл бағытта жыл басынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті алушылар туралы мәліметтерді алу мақсатында 24 мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне интеграциялау жүргізілген. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер туралы деректерді алу үшін жүйе Қаржы министрлігімен ықпалдастырылған. Қазіргі таңда деректер базаларындағы мәліметтер күн сайын жаңартылып отырады.
Жалпы, ағымдағы жылдың қаңтар айында атаулы әлеуметтік көмекке 3118 отбасынан, оның ішінде 827-сі кент және ауылдық округтерден құжаттар қабылданды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық білім бөлімінің басшысы М.Әбдіқалықова қаламыздағы №1, 4, 176 мектептердің есік-терезелерін және шатырын жаңалауға Халықаралық жобалар арқылы бюджеттен тыс көздерден қаржы тарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.
Бұған қоса, ерекше қажеттілігі бар балаларға кедергісіз білім беру бағытында 2019 жылдың қараша айынан бастап №23 мектеп-лицейінде инклюзивті сыныптар өз жұмысын бастап, жалпы қала бойынша 25 мектепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалынды. Бұл барлық мектептердің 46,3%-ын құраса, ал биыл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 5 логопедиялық пункттер ашуға және жабдықтауға және 5 логопед штаттық бірлігіне қаржы бөлінген.
Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында 2020 жылы білім ордаларын 48 жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз ету үшін 15 дана 3D комплект құрылғыларына қаржы қаралғандығына тоқталып өтті.
Аталған мәселелер бойынша қала әкімі бөлім басшыларына тапсырмалар беріп, оның орындалуы тікелей бақылауында болатындығын жеткізді.

21 ақпан 2020 ж. 434 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области