Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық оқушылар ТЖД-ның жұмысымен танысты

Қызылордалық оқушылар ТЖД-ның жұмысымен танысты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында орналасқан азаматтық қорғау органдарының музейіне арнайы келген №222 орта мектептің 10-11 сынып оқушылары жауапкершілігі мол абыройлы да қауіпті қызметтің тыныс тіршілігімен танысты.Мұнда ардагер Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қолданған заттарын өз көздерімен көріп, қлолдарымен ұстап, ерекше сезімге бөленген жастар әрбір экспонаттың тарихи жәдігер екеніне көздері жетті. Талайы таңданысын жасармай, көкейдегі сұрақтарын қойып, саланың қыр сырына қанық болды. Шара барысында арнайы дайындалған видео ролик көрсетіліп жастардың азаматтық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырды.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департементінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар бержанов және өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов оқушылармен кездесіп, азаматтық қорғау саласында қызмет етуге шақырды.
Расында, Халық қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиюға әзір төтеншеліктердің өмірі бейнеленетін музей ішінде өткен кездесуде Омар Бержанов Көкшетау техникалық института оқуға шақырып, қойылатын талаптармен бөлісті. Жастар үшін өмірі ерлікке толы басшылардың арнайы келіп олармен жеке әңгімелесуі ерекше әсер қалдырып, бірі кездесуден соң азаматтық қорғау саласында қызмет етуді мақсат етсе, енді бірі көкейдегі сауалдарын жолдап, қызығушылықтарын арттырды.


24 ақпан 2020 ж. 231 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области