Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

2 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер дүйсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
2 наурызда Қазақстан территориясының басым бөлігі жоғары қысым аумағында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жоқ, күн ашық болады. Тек солтүстік пен орталықта қар немесе жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, солтүстікте жаяу бұрқасын көтеріледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.
Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл және күндіз Қызылорда облысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны 17-22, 25 м/с дейін күшейеді.
Түркістан, Атырау, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
02 наурыз 2020 ж. 151 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области