КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ КУРСҚА ШАҚЫРАДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес субъектілерін «Бизнес-Мектеп» компоненті шегінде оқу курстарына қатысуға шақырады
Курстың басталу уақыты: 2 шілде 2018 ж.
Өткізілу орны: Қызылорда қ. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Әйтеке би к-сі, 28
Бизнес-тренерлер: Қасымжан Мадина, Жолдасбеков Асылжан
Тәлімгерлер: Қызылорда облысының кәсіпкерлері
Жобалық оқыту тақырыптары:
| № | Жобалардың аталуы |
| 1 | Бордақылау алаңдарын ашу |
| 2 | Наубайхана, аспаздық ашу |
| 3 | Сүт өнімдерін өндіру |
| 4 | Білім беру орталықтарын ашу |
| 5 | Баспахана ашу |
| 6 | Сұлулық салонын ашу |
| 7 | Тігін цехын ашу |
Міндетті шарты: оқыту «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқу курстарынан өту сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін ұсынылады
Тіркелу үшін және қосымша ақпарат алу мақсатында келесі телефондарға хабарласуға болады: 8/7242/400874
Call-center: 1432
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

























