Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік тіркеу 5 жұмыс күн ішінде жүргізіледі

Мемлекеттік тіркеу 5 жұмыс күн ішінде жүргізіледі

Kyzylorda-news.kz. Әділет департаменті өздеріне жүктелген міндеттерді шешу кезінде орталық және жергілікті органдармен және лауазымды тұлғалармен жұмыс жасайды. Оның ішінде, құқық қорғау және бақылау органы да бар. Өткен жылы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуі электрондық форматқа көшірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Ирина Бәкішева мәлімдеді.
«Мемлекеттік тіркеуден өту бұрын отыз күн болса, қазір бес жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қазіргі таңда департаментте 12 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі. Сонымен қатар, Заң қызметтерін тіркеу саласында бірқатар мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру қарастырылды», - деді Ирина Жұмабайқызы.
Баспасөз конференциясында департамент басшысы азаматтық хал актілерінің қызметінің ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуін бақылау және методикалық көмек көрсету функциясын атқаратынын да тілге тиек етті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 33 205 азаматтық хал актілері тіркелген.
Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап адвокаттар мен заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру институты жұмыс жасауда. Алдағы уақытта сапасыз заң көмегі көрсетілген жағдайда азаматтар сақтандыру төлемін алуға мүмкіндігі бар. Мұнан өзге, комуналдық қызметке, жал төлемдерінің қарыздарын өндіріп алу, төленбеген жалақы мн өзге де төлемдерді өндіріп алу бойынша сотқа жүгінбей, нотариусқа жүгінсе болатынын айтты.
03 наурыз 2020 ж. 144 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области