Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза болғандарды еске алу шарасы өтті

Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза болғандарды еске алу шарасы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тікұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды.
2008 жылдың 28 ақпанындағы қайғылы оқиға республикадағы бірде бір адамды бейжай қалдырған жоқ. Облыс аумағындағы су тасқынынан қорғау мақсатындағы іс-шаралар барысында Сырдария өзені үстінен бақылау үшін ұшып өткен ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» ММ-нің «МИ-8» тікұшағы Жалағаш ауданы аумағына құлап, апат алты адамның өмірін жалмап кетті. Сол күні қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болғандар қатарында департамент бастығының орынбасары полковник Қазбек Төреманов, журналист Сағитжан Бермағамбетов, ұшқыштар Виталий Глазунов, Нұрлан Құмаров, Фахретдин Оңғарбаев және Ғалым Нұрмағамбетов бар еді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын тікұшақ апатынан мерт болғандарды еске алу күнін өткізіп келеді. Мемориалдық тақта алдындағы еске алу шарасы бір минуттік үнсіздік жариялаумен басталды.
Еске алу шарасында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев, Қызылорда облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы, ТЖД бастығының кеңесшісі Тұңғышбай Ботабаев, Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов қаза болған Қазбек Төремановтың отбасысы қатысып, ел үшін еңбек еткен ердің ерлігін айтып, еске алды.


03 наурыз 2020 ж. 198 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области