Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ ЖАҢА ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ ЖАҢА ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ


    Арал ауданындағы тіректі елді мекен саналатын Сексеуіл кентінде жаңа полиция бөлімшесі ашылды.
    Кенттегі полиция ғимаратының ашылу рәсіміне аудан басшысы М.Оразбаев қатысты.
    - Еліміз үшін ең басты құндылық – адам өмірі болса, олардың қауіпсіздігін сақтау аса маңызды жұмыс. Осы ретте, Елбасымыз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатымен жүруі тиіс екендігін атап көрсетті. Осы бағытта тәртіп сақшыларына мемлекет тарпынан қолдау көрсетіліп, түрлі жабдықтармен қамтамасыз етуде. Соның бір айғағы, өткен жылдың сәуір айынан бастау алған «Полиция бөлімшесінің» құрылысы деуге болады. Қарқынды жүргізілген құрылыс жұмыстарының нәтижесінде бүгін жаңа ғимарат пайдалануға берілуде, - деді аудан басшысы.
    Жаңадан бой көтерген пункт барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қоғамдық қауіпсіздікке жауап беретін құқық қорғаушылар үшін бұл зор қуаныш. Жаңа ғимараттың лентасы қиылып, жиылғандар нысанды аралап көрді.  


18 қаңтар 2018 ж. 830 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области