Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КОДЕКС НОРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

КОДЕКС НОРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ


    Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтіп, оған Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекция басшысының орынбасары Г.Пірназарова, осы инспекцияның бөлім басшылары Н.Асылбеков, Н.Байболов пен М.Ахметов қатысты. Мамандар БАҚ өкілдеріне  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің нормаларына енгізілген өзгерістер жайлы түсіндірме жасады.
    Өткен жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық –бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Жаңа өзгерістер ҚР заңдылықтарын жоғары сатыға көтеруге, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікті ізгілендіру және құқықтық кемістікті, заңдар қайшылығын алып тастауға бағытталған, – деді инспекция басшысының орынбасары.
    Мамандар қолданыстағы заңнамада Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі кеңейтілгенін атап өтті.  Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату бабы қайта қайтарылды (64-1 жаңа бап). Қолданыстағы заңнамада 593 бабы 6 бөлігі (самосвал көлігі), 574 бабы (жолаушылар тізімі) 576 бабы (республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы). 609 бабы (жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетiлген тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиiстi куәлiксiз жүзеге асыру) күшін жойған.

18 қаңтар 2018 ж. 566 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области