Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада волейболдан облыстық турнир өтті

Қызылордада волейболдан облыстық турнир өтті

Kyzylorda-news.kz. 1972 жылдың наурыз айында Азаматтық қорғаныстың Халықаралық Ұйымы құрылып, Қазақстан Республикасы 1997 жылдың қазан айында тәуелсіз мемлекет ретінде Азаматтық Қорғаныстың Халықаралық Ұйымының қатарына қосылды.
Содан бері елімізде жыл сайын 1 наурыз - Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күні болып аталып, мемлекетіміз азаматтардың өмірін қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясатын жүргізіп келеді.
Бүгінде 2020 жылғы 1 наурыздан бастап Департаментте «Азаматтық қорғаныс және алғашқы көмек әр үйге» ұранымен Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралары жүргізілуде. Бүгінгі волейболдан өткізілген спорттық турнир игі шаралардың жалғасы.
Сондай-ақ 2008 жылғы ақпан айының соңғы күнінде Сырдария өзеніндегі мұздың жағдайын, қорғаныс бөгеттерін зерттеу, ықтимал табиғи апатқа қарсы тұру шараларын пысықтап, дайындықты қамтамасыз ету үшін әуеге көтерілген МИ – 8 тікұшағының апаты орын алды.
Сол апатта бірқатар азаматтармен бірге аяулы дос, жоғарғы дәрежелі маман полковник Қазбек Төреманов қаза болған еді. Биыл Қазбек Төреманов арамыздан кеткеніне де 12 жыл уақыт өтті.
Қазбек Төреманов өз елінің алдында атқарған ерен еңбегі үшін бірқатар жоғарғы мемлекеттік наградалармен марапатталған. Кәсіби шеберлігімен және өжеттілігімен ерекшеленетін еді. Әртүрлі төтенше жағдайларда оң шешім қабылдап, одан шығудан жол таба білген іскер басшы болатын.
Бүгінгі Азаматтық қорғаныс күніне және Қазбек Төремановты еске алуға арналған спорттық жарыста 14 команда өз бақтарын сынап, жүйрігін анықтады.
тартысқа толы бәсекеде облыстық жастар орталығының еріктілері мен №2 мамандандырылған өрт сөндіу бөлімінің командасы ерекше ойын өрнегін көрсетті.
Ақтық мәреге дейін жетіп жүлделі 1-орынды №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі иеленсе, 2- орын еріктілерге бұйырды. Алғашқы үштіктен ойып тұрып орын алған ұйымшыл Төтенше жағдайлар департаментінің құрама командасы 3 орынды қанжығасына бағындырды.

05 наурыз 2020 ж. 216 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области