Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жылдың ең нәзік мерекесінде гүлдің бағасы қалай құбылады?

Жылдың ең нәзік мерекесінде гүлдің бағасы қалай құбылады?

Kyzylorda-news.kz. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында гүлдің бағасы да құбылады. Көпшілік бұл мерекеде қызғалдақ гүлін таңдайтыны рас. Ал оның бағасы Қызылорда облысында 350 теңгеден басталады. Қаланың орталығында орналасқан «Camellia» гүл дүкеніндегі баға – осы.
Аймақта голландиялық қызғалдақтың бір талы 350 теңге. Ал жылыжайда өсірілген бұл гүл данасына 500 теңгеден сатылып жатыр.
Қызғалдақты ең арзан бағада Қарағанды облысының гүл сатушылары сатуда. Бұл аймақта бір тал гүлді 179 теңгеден алуға болады. Ал өскемендітер 249 теңге баға қойған. Тараз қаласында қызғалдақтың бір талы 250 теңгеден басталса, Түркістанда 300 теңгеден асады. Қостанай облысындағы баға Қызылордамен бірдей. Бұл жақта да бір талы үшін 500 төлейсіз. Нұр-Сұлтан қаласында да қызғалдақтың бағасы осы шамалас болып тұр.

Дайындаған Динара Маханова
06 наурыз 2020 ж. 223 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области