Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Белгілі ғалым: "Авестаның" авторы Арал теңізінің жағасында туған

Белгілі ғалым: "Авестаның" авторы Арал теңізінің жағасында туған


Kyzylorda-news.kz.
Белгілі қазақстандық профессор Рахман Алшанов планетамыздағы тіршіліктің бастауы Тұран даласында болған деп көпшілікке мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Ғалым журналистерге қазақстандық зерттеушілер елден төрт үлкен кратердің іздерін Ақтөбе қаласының жанында, Балқаш көлі мен Арал теңізінің жанында орналасқан жерде тапқанын айтты.
Алшановтың айтуынша, бұл кратерлер планетамыздың бетіне алғашқы метеориттер құлаған жерлер екен.
Сонымен қатар профессор Зороастр пайғамбарының қасиетті кітабы "Авестаны" жан-жақты зерттеудің нәтижесінде Тұран даласында өмірдің пайда болуы туралы қорытынды жасауға түрткі болғанын айтады.
Рахман Алшанұлы Авеста ежелгі зороастрлықтардың наным-сенімдеріндегі діни мәтін ғана емес екенін айтады. Кітап сонымен бірге белгілі бір хронологиямен енгізілген толыққанды ғылыми трактат болып табылады.
Заратуштра мәтіндерінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Рахман Алшанов өзінің "Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылулар" атты ғылыми еңбегін жазды. Жұмыс екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді.
Сонымен қатар, экономика ғылымдарының докторы Зороастрдың еңбегінде 4,5-6 мың жыл бұрын ежелгі Тұран жерінде болған көптеген тарихи оқиғаларды суреттейтінін атап өтті. "Авестаның" авторы Арал теңізінің жағасында туып, Тұранның солтүстік жерлерінде өмір сүрген, дейді профессор.
06 наурыз 2020 ж. 263 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области