Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында су тасқыны қаупі жоқ

Қызылорда облысында су тасқыны қаупі жоқ

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин көктемде болуы ықтимал су тасқынына дайындық шарасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта Қазгидромет ұйымымен бірлесіп, күшейтілген жұмыс режиміне ауыстық. 7-13 наурызға жасалған болжам бойынша, Қазақстанның қар басқан аумағы жалпы аумақтың 54%-ына дейін азайды. Бұған дейін айтқанымдай, Түркістан мен Қызылорда облыстарында су тасқыны қаупі жоқ. Сырдария өзеніндегі мұз толық еріді. Шардара су қоймасы мен Көксарай контреттеушісі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ондағы судың толуы су ресурстары комитетінің кестелеріне сәйкес жүргізіліп жатыр», - деді Юрий Ильин.
Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны қаупі бар.
«Бүгін Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар басталды. 20 наурызға қарай, Павлодар мен Қостанай облыстарында басталады. Солтүстік Қазақстанда мұз қатпары мен қар жабыны әлі де бар. Сондықтан, айдың соңында алдын алу жұмыстары қолға алынады», - деді Юрий Ильин.
Айта кетейік, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 30 мың теңгеден беріледі.
10 наурыз 2020 ж. 334 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области