9 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
Kyzylorda-news.kz. 9 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте – дауыл, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста тұман түсуі ықтимал. Тек батыста ғана күн ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды және Ақмола облыстарында бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан және Қызылорда облыстарында дауыл, Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, Қостанай облысында – тұман. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.
Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.