Президенттік жастар кадр резерві: Қызылордада алғашқы тағайындау
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Президенттік жастар кадр резервіне енген жастардың қатарынан алғашқы тағайындау болды.
"Президенттік жастар кадр резерві" қатарына алынған Мусилимов Ерлік Ерғалиұлы "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ерлік Мусилимов 1989 жылы дүниеге келген. Ол Қазақстан-Британ техникалық университетін 2011 жылы "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы "Engineering Business Management" мамандығы бойынша Ұлыбританиядағы Уорвик университетінің магистратурасын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы "Болашақ-Атырау" ЖШС-де шетелдік қызметкерлерді іріктеу бойынша кеңесші болып бастаған. Ал, 2014 жылдан бастап осы кезге дейін "Шлюмберже" халықаралық мұнай сервистік компаниясында бас дала инженері лауазымын атқарып келген.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет жүзеге асырылған "Президенттік жастар кадр резерві" жобасына 300 азамат іріктеліп алынған болатын.
Аталған резервке Қызылорда облысының 11 тумасы өтті