Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Түсіңізде ақша көрсеңіз...

Түсіңізде ақша көрсеңіз...

Kyzylorda-news.kz. Түсіңізде ақша көргенде бұны қалай жоруға болады?
Егер түсіңізде ақша тапқан болсаңыз, ұсақ-түйек қиындықтар аяқталып, табысқа қол жеткізесіз. Ақшаны біреуге беріп жатсаңыз, көп ұзамай өміріңізде сәтсіздіктер басталады. Ал біреуден ақша алсаңыз, керісінше сізді байлық пен жетістік күтіп тұр.
Ақша жоғалтып алсаңыз, істеріңізде қиындықтар туындап, отбасында жанжалдар болады. Түсіңізде ақша санап, оның жетпей тұрғанын анықтасаңыз, өңіңізде күтпеген шығындар болады деген сөз.
Морфей патшалығында ақшадан қысылып, үнемдеп жүрсеңіз, шынайы өмірде байлыққа кенелесіз. Ал ақша ұрласаңыз, бұл шынайы өмірде сізге қауіп төніп тұр, абай болуды ескертетін түс.
Егер тиын немесе қағаз ақшаға үңіліп қарап тұрсаңыз, табысыңыз өзіңіздің пысықтығыңызға тәуелді болғаны. Қ
омақты ақша сомасын қарызға алғаныңыз түсіңізге кірсе, шын мәнінде айналаңыздағы адамдар сізді бай деп ойлайтыны. Араларында сізді сараң деп есептейтіндер де жоқ емес екен.
Тұрмысқа шықпаған бойжеткен қарызға алған ақшаның барлығын жұмсап тастағанын көрсе, бұл оның жақын досынан айырылып қалуы мүмкін екенін ескертеді.

14 наурыз 2020 ж. 440 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области