Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шынтақпен амандасу, аяқ қағыстыру: Коронавирус әкелген жаңа этикет

Шынтақпен амандасу, аяқ қағыстыру: Коронавирус әкелген жаңа этикет

Kyzylorda-news.kz. Германия канцлері Ангела Меркель ішкі істер министрі Хорст Зеехоферге амандасып қол ұсынғанда министр "қоя қойыңыз" дегендей қолын алмады. Коронавирус болмағанда оның бұл әрекеті тым әдепсіз көренер ме еді, бірақ Германияда 150 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдай ушығу алдында тұрғанда министрдің мұнысы құптарлық іс. Меркель де қарсы болмай, "Бұл дұрыс болды" деді.
Коронавирус қоғамдық қарым-қатынасқа әсер етіп жатыр, мұны әсіресе батыста байқауға болады. Қол алысып амандасуды, беттен сүюді, құшақтасуды көбі бұрынғыдай құп көрмейді.
Италиядағы коронавирусқа қарсы комитет комиссары Анджело Борелли италяндардың демонстратив болмысы вирустың таралуына ықпал етуі мүмкін деп, халықты "сәл ұстамды" болуға шақырды.
"Ғылымға сүйенсек, қол алысу – зиян нәрсе", - дейді Раскин университетіндегі медицина орталығының директоры Никки Милнер. Ол көрсеткен сілтемедегі зерттеуге сүйенсек, адам қолында 150 түрге жататын 3200-ге жуық бактерия бар және адам бүкіл өмірінде орта есеппен 15 000 рет қол алысады екен.
ДДСҰ-ның пандемия бойынша директоры Сильви Брэнд шынтақ соғыстыру, аяқ қағыстыру және "вай" сияқты барынша қауіпсіз сәлемдесу тәсілдерін қолдануға кеңес берді.




15 наурыз 2020 ж. 233 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области